Accessibility links

Еуроодақ аумағында ресейліктердің €17 млрд активі бұғатталған


Еурокомиссияның Брюссельдегі кеңсесі.
Еурокомиссияның Брюссельдегі кеңсесі.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Еуроодақ ресейліктердің 17 млрд еуро (16.9 млрд доллар) активін бұғаттаған. Еуроодақтың әділет және заң үстемдігін сақтау жөніндегі комиссары Дидье Рейндерстің 29 қазанда жарияланған сұхбатында осындай мәлімет айтылады. Рейндерс шілдеде ЕО-ға мүше бес елде ресейлік олигархтар мен олармен байланысты өзге ұйымдарға тиесілі құны 13,8 млрд еуро болатын актив бұғатталғанын хабарлаған.

"Осы уақытқа дейін одаққа мүше жеті елде 90 адамның 17 млрд еуродан астам активі бұғатталды, 2,2 млрд еуросы – Германияда" деді ол немістің Funke media group басылымына берген сұхбатында.

Украина билігі ресейлік олигархтардың бұғатталған байлығын соғыстан қираған украин қалаларын қалпына келтіруге жұмсауға шақырып келеді.

"Егер қылмыстық жолмен алынған қаржыны ЕО тәркілесе, оны Украинаға арналған өтемақы қорына жіберуге болады. Бұл қаражаттың [украин қалаларын] қалпына келтіруге жетпейтіні анық" деді Рейндерс сұхбатта.

Рейндерс Hamburger Abendblatt басылымына берген жауабында Украинадағы соғыспен байланысты қылмыс бойынша алғашқы сот биыл өтуі мүмкін екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG