Accessibility links

Үндістанда туристер жүретін аспалы көпір құлап, 132-ге жуық адам өлген


Үндістанның батысындағы Морви қаласында жаяулар көпірі құлап, 132-ге жуық адам өлген. 19 ғасырдың соңында Махчу өзенінің үстіне салынған аспалы көпір қайта жөнделіп, өткен аптада ашылған. Апат кезінде көпір үстінде 150-ден 400-ге дейін адам жүрген.

Танымал туристік орынға айналған көпір 30 қазан күні кешке құлаған.

Әзіргі мәліметтерге қарағанда, көпір адамдардың салмағын көтере алмаған. Өлгендердің көбі балалар, әйелдер мен қарт адамдар дейді ANI ақпарат агенттігі. Құтқарушылар өлгендер мұнан да көп болуы мүмкін деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG