Accessibility links

Таулы Қарабақта ондаған мың адам тәуелсіздік үшін митингіге шықты


Өз-өзін жариялаған Таулы Қарабақ республоикасының туы
Өз-өзін жариялаған Таулы Қарабақ республоикасының туы

Өз-өзін республика деп жариялаған Таулы Қарабақ астанасы Степанакерт қаласында тәуелсіздік талап еткен ондаған мың адам митингіге жиналды.

Мойындалмаған Таулы Қарабақтың "үкімет басшысы" Артак Бегларянның мәліметіне қарағанда, митингіге аймақ халқының үштен бірі, яғни 40 мыңға жуық адам қатысқан. Басқа есепке қарағанда митингіге 70 мыңға жуық адам келген. Митингіге қатысқандар "Әзербайжан агрессиясы тоқтатылсын" деген талап жазылған плакаттар мен Ресей туын көтеріп шыққан.

Халық жиналған орталық алаңға өзін республика деп жариялаған аймақтың ұлттық жиынының кезектен тыс отырысы тікелей эфирден көрсетілген. Отырыс қорытындысы бойынша, депутатар Таулы Қарабақты Әзербайжанға "қосуға" талпынуға жол берілмейтіні туралы туралы мәлімдеме жасап, Армения мен Ресейге үндеу тастаған.

"Арцах (Таулы Қарабақтың армянша атауы – Ред.) ешқашан Әзербайжан құрамында болған емес, болмайды да. Бұл идея Әзербайжан-Қарабақ жанжалын реттеудің негізгі ұстыны болуға тиіс" дейді мәлімдемеде.

Мұнан өзге, құжатта Ресейді Таулы Қарабақ халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ұстанымына берік болуға" шақыру да бар. Депутаттар Ресейге "республика өміріне қауіп төнгенін ескеріп, қосымша саяси және әскери тетіктер" енгізуді ұсынған.

Бұл акциялар бүгін, 31 қазанда Сочиде өтетін Ресей, Армения және Әзербайжан жетекшілерінің кездесуі қарсаңында болып жатыр.

  • Таулы Қарабақ - Әзербайжан құрамындағы автономдық аймақ. Кавказдағы жағдай ушығып, этносаралық қақтығыстар басталған 1990 жылдары аймақ халқы "тәуелсіздігін" жариялаған. Бірақ оны ешқандай ел мойындаған жоқ. Содан бері аймақ де-факто тәуелсіз, бірақ Армениямен тығыз қарым-қатынаста өмір сүріп келеді.
  • Әзербайжан Таулы Қарабаққа қайта бақылау орнатып, елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді көздейді.
  • 2020 жылдың күзінде Армения мен Әзербайжан арасындағы әскери қақтығыс Ресейдің араласуымен бәсеңдеп, екі мемлекет ұрыс қимылдарын тоқтату туралы келісімге келген. Ереван оппозициясының қарсылығына ұшыраған келісім бойынша, Баку армян әскері 1990 жылдары басып алған Таулы Қарабақ жерінің елеулі бөлігін қайтарып алған.
  • Аймақта шиеленіс әлі күнге сақталып тұр. Қыркүйектің 12-сінен 13-іне қараған түні армян-әзербайжан шекарасында тағы да әскери конфликт болып, екі жақтан жүздеген жауынгер өлген. Баку мен Ереван бір-бірін кінәлаған. Қазан айының ортасында Еуропа одағының ара ағайындығымен екі тарап шекара бойында Еуропа бақылау миссиясының жұмыс істеуіне келісім берген.
  • Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев – 2022 жылдың соңына дейін бейбіт келісім жасау туралы жоспарлары бар екенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG