Accessibility links

Германия қысқы газ қорын 100 пайыз толтырып алған


Германияның табиғи газ сақтайтын қоймалары толған. Бұл жөнінде дүйсенбіде Германияның DPA ақпарат агенттігі хабарлады. Қазан айының аяғында газ бөшкелері 98,5 пайызға толған.

INES энергетика бірлестігінің атқарушы директоры Себастиан Блешкенің сөзінше, бұл – алдағы қысқа Германия толық дайын деген сөз. Биыл күздің жылы болғаны да Германияға тиімді болып тұр, әзірге жылу берілмеген.

Блешке Германия кейбір газ берушілерге, соның ішінде Ресейге де тәуелді болмауға айналды дейді.

Неміс үкіметінің жоспары бойынша, 1 қарашаға қарай неміс газ қоймаларының бәрі кем дегенде 95 пайызға толуға тиіс. Блешкенің айтуынша, әзірге Төменгі Саксониядағы бір қойма ғана бұл көрсеткішке сәл жетпей тұр.

Tagesschau газеті 29 қазанға дейін жиналған газдың 241,62 тераватт-сағатқа сай келетінін, бұл – рекорд екенін нақтылай түскен. 2019 жылы бұл көрсеткіш 239,62 тераватт-сағат болған.

Алайда сарапшылар Еуропа одағының биыл жазда газды бағасына қарамастан жаппай сатып алғаны әлемдегі газ рыногын тұрақсыздандыруы мүмкін деп алаңдайды. Тұтынушыларға бәрібір үнемдеуге тура келеді, өйткені қыста газ бағасы мейлінше қымбат болады. Жазғы сұраныс кезінде шарықтаған газ бағасы кейінгі аптада күрт құлай бастаған, соның салдарынан көптеген газ компаниялары дағдарысқа ұшырауы мүмкін деген болжам бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG