Accessibility links

АҚШ әскери қызметкерлері Украинаға берілген қару-жарақтың есебін жүргізеді


Алғы шепте жүрген украин сарбаздары. Киев облысы, 2022 жылғы наурыз айы.
Алғы шепте жүрген украин сарбаздары. Киев облысы, 2022 жылғы наурыз айы.

Киевке келген АҚШ әскери қызметкерлерінің шағын тобы Украина Батыс елдерінен алған қару-жарақ есебін қаншалықты қатаң жүргізіп отырғандығын тексереді. Бұл жөнінде дүйсенбіде Пентагон өкілі хабарлады.

Тексерісті АҚШ-тың Киевтегі әскери атташесі мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық басқармасының қызметкерлері өткізеді. Ереже бойынша, олар алғы шепке жақын төңіректе тексеріс жүргізе алмайды. Пентагон өкілінің сөзінше, олар "мүмкіндік болған жерді" тексереді. Украинаның ресми тұлғалары АҚШ инспекторларына жан-жақты көмектеседі.

Бұл тексеріс Украинаға беріліп жатқан қару-жарақ Ресей әскерінің немесе оның одақтастары мен экстремист топтардың қолына түспегенін анықтап, Батыс елдерінің көзін жеткізу үшін керек. Бұл кампанияның басталғаны туралы АҚШ мемлекеттік департаменті өткен аптада хабарлаған. Тексеріс Украинаға әскери көмекке бөлінген миллиардтаған доллар нақты қайда жұмсалғаны туралы Ақ үйден есеп сұрап отырған конгресс мүшелеріне жауап үшін де жасалады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG