Accessibility links

АҚШ Өзбекстанға 50 әскери көлік сыйлады


АҚШ-тың Өзбекстанға берген әскери көліктері.
АҚШ-тың Өзбекстанға берген әскери көліктері.

АҚШ орталық қолбасшылығы құрлық әскері қолбасшысының орынбасары генерал-майор Вендул Хаглер Өзбекстан қорғаныс министрлігіне қарасты арнайы операциялар күштеріне 50 Polaris MRZR жеңіл тактикалық әскери көлігін сыйлады. Бұл туралы АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, сыйлық "Әріптестер мүмкіндігі арттыру" бағдарламасы аясында берілген. Әскери көліктердің жалпы құны 2,8 миллион доллар. Техника АҚШ әскери өнеркәсібінде жасалған.

"Техникаларды сыйға тарту АҚШ-тың Өзбекстанның ұлттық егемендігі мен аумақ тұтастығын қорғауға қосқан үлесінің бір парасы ғана. АҚШ кейінгі 31 жылда едәуір ілге жылжыған әріптесіміздің дами түскенін қалайды" дейді Вендул Хаглер.

АҚШ "Әріптес мүмкіндігі арттыру" бағдарламасы аясында шетелмен әскери дайындық және әскери техниканы басқаруды үйрету салаларында әріптес болып жүр.

Биыл ақпанда Shephard Media британ басылымы Өзбекстан АҚШ-тан 38 Puma 3 AE ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алатынын хабарлаған. Басылым мәліметінше, дрондар Өзбекстанға 30 қарашада жеткізіледі. Өзбекстан бір дрон үшін 225 мың доллар төлейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG