Accessibility links

Еңбекшіқазақ ауданында төбелестен кейін қауіпсіздік шаралары күшейді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында топ арасындағы төбелестен кейін қауіпсіздік шаралары күшейді. Төбелестен бір адам қаза болып, бірнеше адам ауруханаға түскен. Бұл жөнінде 6 қарашада құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйенген "Власть" басылымы хабарлады.

Ішкі істер министрлігі 6 қарашаға қараған түні ауруханаға бес адам түскенін, біреуінің көз жұмғанын хабарлады.

"Аталған факт бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша ("Адам өлтіру") қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қазір оқиғаның себебі және оған қатысқандарды анықтау бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" деп жазылған ІІМ сайтында.

Төбелеске не түрткі болғаны, кімдер қатысқаны белгісіз.

"Власть" басылымының жазуынша, қазір оқиға орнында аймақ полициясы басшылығы жүр. Есік қаласы мен оған жақын елді мекендерге кіреберісте бақылау күшейген, кейбір көліктерді полиция тексеріп жатыр.

Есік қаласының бір тұрғыны Азаттыққа жексенбі күні қалада полиция әдеттегіден көп екенін растады. Ол атыс болғаны жөнінде естіген, бірақ одан басқа ештеңе білмейтінін айтты.

Азаттық Алматы облысы полициясына хабарласқанмен жауап ала алмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG