Украинаның Ресей басып алған қаласы Херсонда шын мәнінде билік қалмаған, қалада тонаушылық көбейген. Бұл жөнінде Ресейдің Херсонда жүрген журналистері мен блогерлері жазып жатыр.
Украинаның "ресейшіл" блогері Анатолий Шарий Херсоннан жариялаған видеосында қалада дәріханада, интернет, байланыс жұмыс істемейтінін, не Ресейдің, не Украинаның телеарналары көрсетпейтінін айтқан. "Қалада әкімшілік те, әскер де, құқық қорғау органдары да жоқ болған соң тонаушылық күшейіп тұр", – дейді видео авторы.
Ресей блогері Роман Сапоньков Херсонда "ешқандай да билік жоқ, анархия мен қылмыс өршіп тұр" деп жазады. Ол жексенбі күні автокөлігінің доңғалағын біреулер тіліп кеткенін жазғанын. Ресейдің әскери тілшісі Алексендр Коцтың да көлігі де сондай жағдайға ұшыраған.
Бірнеше күн бұрын Ресей әкімшілігі Херсоннан Днепрдің сол жағасына ауысқан. Әкімшілік ғимаратындағы Ресей туын түсірген. Украинаның "Мост" басылым Херсон әкімшілігінің ғимаратындағы мебель мен техниканың әкетілгенін көрсететін видео жариялаған.
Кей хабарға қарағанда, Ресей әскері Днепрден өтетін қайықтар мен кемелерді жойып жатыр.
Жексенбі күні Херсон мен өзге де елдімекендерді электр қуатынан ажыраған. Ресей мен Украина бұған бір-бірін кіналаған.
Украина әскерінің қазан айының соңында Херсон облысының солтүстігіне қарай жасаған шабуылынан кейін Ресей Херсон тұрғындарын Днепрдің оң жағалауына өтуге шақырған. Ресейдің ішіне қарай көшкендерге пәтер беретін болған. Херсоннан Ресей мен совет ескерткіштерін, тіпті князь Потёмкин-Таврический сүйегін де алып кеткен. Бірақ Ресей шененуніктері қаланың Украинаға берілмейтінін мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР