Accessibility links

Украина олигарх Игорь Коломойскийдің кәсіпорынын мемлекет меншігіне қайтарды


Украина Игорь Коломойский, Вячеслав Богуслаев, Константин Жеваго және Константин Григоришиндерге қатысы бар стратегиялық кәсіпорынды мемлекет меншігіне алды. Бұл жөнінде Украина қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов хабарлады. Сөз - ұшақ қозғалтқышын жасайтын "Мотор Сич" және "Укрнафта" мұнай компаниясы туралы болып отыр.

Даниловтың айтуына қарағанда, кәсіпорынды мемлекет меншігіне алу жөнінде шешім 5 қарашада президент Владимир Зеленскиймен кездесуде қабылданған. Кәсіпорын иелеріне өтемақы төлене ме, жоқ па айтылмаған.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль мемлекет меншігіне алынған кәсіпорындар қорғаныс қажеттіліктеріне жұмыс істеуге тиіс деп мәлімдеді.

"Страна" жаңалықтар сайты "Укрнафтаның" 42 пайыз акциясын ұстап отырған Коломойский кәсіпорынның мемлекет меншігіне алынатынын бүгін білді деп санайды. Бизнесмен мен оның айналасындағылардың бұл жаңалық шоқ тигендей болған. Бұл шешімнің заңды негіздемесі қандай екені әзірге белгісіз.

  • "Укрнафта" акциясының 50 пайыз және + 1 акциясы мемлекетке тиесілі.
  • Игорь Коломойский — Украинаның ең бай адамдарының бірі, Днепропетровск облысының бұрынғы гуренаторы. Өткен жылдың наурызынан бастап отбасымен бірге АҚШ санкциясына іліккен. Украина баспасөзі жазда Владимир Зеленский Коломойскийді азаматтығынан айыруы мүмкін деп жазған.
  • "Мотор сич" кәсіпорының директоры Вячеслав Богуслаев "Ресеймен астыртын байланыс жасады" деген күдікпен қамауға алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG