Accessibility links

Ресей аннексиялаған Мариупольде мола көбейді

Украинаның Мариуполь қаласындағы соғыстан қираған үйлердің бірі, 2022 жылдың тамызы.
Украинаның Мариуполь қаласындағы соғыстан қираған үйлердің бірі, 2022 жылдың тамызы.

Американың Maxar компаниясы спутникпен түсірген суреттер Ресей аннексиялаған Украинаның Мариуполь қаласында мола көбейгенін көрсеткен. Бұл жөнінде Би-би-си жазды.

Ресей әскері жаулап алған соң пайда болған үлкен қорымда 1500-ден астам қабір пайда болған. Би-би-си өтініші бойынша, спутник суреттерін саралаған Ақпарат тұрақтылығы орталығы осындай түйін жасаған. Сөз – тек Старый Крым ауданындағы жаппай жерлеу орны жөнінде ғана болып отыр.

Maxar компаниясы жаппай жерлеу орындарының суреттерін соңғы рет биыл маусымда жариялаған. Жаңа молалар кейінгі бірнеше айда пайда болған. Мариупольде ұрыс қимылдары кезінде өлгендерді жаппай жерлейтін қорым үшеу, олар: Старый Крым, Мангуш және Виноградныйда. Мақалада аталған куәлердің сөзіне қарағанда, Старый Крым қорымына үйінді астында қалып өлгендерді жерленгенге ұқсайды. Мариупольдегі көпқабатты үйлердің 90 пайызы, жер үйлердің 60 пайызы қираған.

Қираған үйлер, "Азовсталь" үйіндісі. Ресей басып алған Мариупольдің қазіргі өмірі

Мариупольде қираған үйлер. 29 қазан 2022 жыл.

Reuters агенттігі жариялаған бұл фотолар Ресей басып алған Мариупольдің қазіргі ахуалын көрсетеді. Бұл қаланы Ресей әскері бес ай бұрын толық бақылау орнатқан.
1/9 Мариупольде қираған үйлер. 29 қазан 2022 жыл.

Reuters агенттігі жариялаған бұл фотолар Ресей басып алған Мариупольдің қазіргі ахуалын көрсетеді. Бұл қаланы Ресей әскері бес ай бұрын толық бақылау орнатқан.
Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
Қираған ғимараттың маңында жаттығып жүрген футболшылар. 29 қазан 2022 жыл.

2/9 Қираған ғимараттың маңында жаттығып жүрген футболшылар. 29 қазан 2022 жыл.

Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
Құрылысшылар қираған үйде жүр.

Ресей басып алған Мариупольден суреттер сирек жарияланады. 29 қазан 2022 жыл.
3/9 Құрылысшылар қираған үйде жүр.

Ресей басып алған Мариупольден суреттер сирек жарияланады. 29 қазан 2022 жыл.
Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
Мариупольдегі ресейлік әскери техникалар. 19 қазан 2022 жыл.
4/9 Мариупольдегі ресейлік әскери техникалар. 19 қазан 2022 жыл.
Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
Ер адам қираған үйдің жанында жұмыс істеп жүр.

Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кірген бетте Мариупольді қоршауға алып, мамырда толық бақылау орнатқан. Ресейлік әскерилер қаланың 90 пайызын бомбалап тастаған. Қалада мыңдаған адам бейбіт тұрғын көз жұмды.

5/9 Ер адам қираған үйдің жанында жұмыс істеп жүр.

Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кірген бетте Мариупольді қоршауға алып, мамырда толық бақылау орнатқан. Ресейлік әскерилер қаланың 90 пайызын бомбалап тастаған. Қалада мыңдаған адам бейбіт тұрғын көз жұмды.

Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
Қалада қираған ғимараттардың көбі сол күйі тұр. 29 қазан 2022 жыл.
6/9 Қалада қираған ғимараттардың көбі сол күйі тұр. 29 қазан 2022 жыл.
Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
"Азовсталь" зауытының 29 қазандағы көрінісі. "Азов" батальоны осы "Азовстальда" бекініп, Ресей әскеріне соңғы сәтке дейін тойтарыс берді.
7/9 "Азовсталь" зауытының 29 қазандағы көрінісі. "Азов" батальоны осы "Азовстальда" бекініп, Ресей әскеріне соңғы сәтке дейін тойтарыс берді.
Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
"Азовстальдің" үйіндісі. ТАСС агенттігінің мәліметінше, "Ресей 831 миллион доллар жұмсап, бұл зауыттың орнында индустриялы парк пен логистикалық орталық ашпақ".

8/9 "Азовстальдің" үйіндісі. ТАСС агенттігінің мәліметінше, "Ресей 831 миллион доллар жұмсап, бұл зауыттың орнында индустриялы парк пен логистикалық орталық ашпақ".

Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
Мариупольде соғысқа дейін 431 мың адам тұрған. Қазір қалада халықтың ширегі ғана қалған.

9/9 Мариупольде соғысқа дейін 431 мың адам тұрған. Қазір қалада халықтың ширегі ғана қалған.

Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
Previous slide
Next slide
• Биыл маусымда БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы Мариупольдегі соғыс қимылдары кезінде 1348 бейбіт адам, 70 бала өлгенін, бұл цифр шын мәнінде әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
• БҰҰ есебінше, Мариупольдің 350 мың тұрғыны сыртқа кеткен. Кейінгі айларда Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері қаланың кей бөліктерінің ғана суреттерін жариялап келеді. Бірақ сол суреттердегі қаңыраған көшелер мен үйінділердің өзі-ақ соғысқа дейін 450 мың адам тұрған Мариупольдың бүгінгі жағдайы қандай екенін көрсетеді.
XS
SM
MD
LG