Accessibility links

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап орта және жоғарғы сынып оқушылары қазақ тілі емтиханын тапсырады


Алматыдағы мектептердің бірі.
Алматыдағы мектептердің бірі.

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.

"Қазақ тілі" пәнінен емтиханды 5-8, 10-сынып оқушылары тапсырады. Мұндай өзгерістер келесі (2023-2024) оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады" деп жазылған министрліктің 10 қараша күнгі хабарламасында.

Министрліктің айтуынша, емтихан жазбаша және ауызша өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу сияқты дағдылар тексеріліп, бағаланады.

"Емтихан тапсырмаларын оқытушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырады. Бұл пән бойынша қорытынды бағалар 5-8, 10-сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады" деп жазылған министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстанда бірінші сыныпта бірден үш тіл оқытылмайтыны жөнінде ереже енгізілген. Жаңа ережеге сәйкес, қазақ мектептерінде бірінші сыныпта тек қазақ тілі ғана оқытылады. Орыс тілі – екінші сыныпта, ағылшын тілі үшінші сыныпта пәнтер қатарына қосылады. Ал орыс мектебіне баратын бірінші сынып оқушыларына екі пән - орыс және қазақ тілі қатар оқытылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG