Accessibility links

"Алаңға өз ықтиярыммен бардым". Ақтөбе қаласы әкімі Қаңтар ісі бойынша сотта куә ретінде жауап берді

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров Қаңтар ісі бойынша сотта куә ретінде жауап беріп тұр. Ақтөбе қаласы, 10 қараша 2022 жыл.

10 қарашада Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров Қаңтар оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта куә ретінде жауап берді. Қала әкімі Қаңтар оқиғасы кезінде наразылармен келіссөз жүргізуге өз ықтиярымен шыққанын айтты. Алаңда айтқан "Халықпен біргемін" деген сөзінің мәнісін түсіндірді.

- Жыл басында автогаз қымбаттап кетті. Бұл – әлеуметтік саланың ажырамас бөлігі. Осыған орай басталған наразылықтың алғашқы күні бірқалыпты өтті. Агрессия болған жоқ. Мен наразылармен 6 қаңтар күні кездесіп, мәселені құзырлы орган өкілдерімен бірге талқылауға шақырдым, - деді Шахаров сотта.

Ақтөбе әкімінің "наразылықтың алғашқы күні" деп тұрғаны – 2022 жылғы 3 қаңтар. Бұл күні түс әлпетінде жүзге жуық адам Ақтөбе әкімдігінің жанына жиналып, сұйытылған газдың қымбаттағанына қарсы шыққан жаңаөзендіктерді қолдайтынын айтқан. Сол кезде ақтөбеліктер литрі 85 теңге болған автогазды 50 теңгеге арзандатуды талап еткен. Одан кейінгі үш күнде алаңда кісі қарасы көбейіп, автогаз бағасы ғана емес, саяси ұрандар да айтыла бастаған.

Ақтөбедегі Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 адамның ісі

Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сотқа полиция арнаулы жасағы (СОБР) қызметкері Серік Шалман жәбірленуші ретінде қатысты. "Алаңға тас төккен КАМАЗ көлігін көрген жоқпын. Өйткені алдымда бір қатар сап түзеп тұрды. Оның артында біз тұрдық. Ештеңе байқамадым" деді ол.

Суретте: Серік Шалман адвокаттардың сауалына жауап беріп тұр. Ақтөбе, 19 қазан 2022 жыл.
1/25 Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сотқа полиция арнаулы жасағы (СОБР) қызметкері Серік Шалман жәбірленуші ретінде қатысты. "Алаңға тас төккен КАМАЗ көлігін көрген жоқпын. Өйткені алдымда бір қатар сап түзеп тұрды. Оның артында біз тұрдық. Ештеңе байқамадым" деді ол.

Суретте: Серік Шалман адвокаттардың сауалына жауап беріп тұр. Ақтөбе, 19 қазан 2022 жыл.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Қаңтар оқиғасы кезінде аяғы күйген учаскелік полиция инспекторы Сәкен Жармағамбетовтің айтуынша, күш құрылымдары демонстранттарды тарату үшін қолданған түтін шашатын арнаулы затты наразылардың бірі полицейлерге кері лақтырған. "Оның жүзін көргенім жоқ. Сотталушылардың да ешқайсын танымаймын" деді полиция өкілі сотта.
2/25 Қаңтар оқиғасы кезінде аяғы күйген учаскелік полиция инспекторы Сәкен Жармағамбетовтің айтуынша, күш құрылымдары демонстранттарды тарату үшін қолданған түтін шашатын арнаулы затты наразылардың бірі полицейлерге кері лақтырған. "Оның жүзін көргенім жоқ. Сотталушылардың да ешқайсын танымаймын" деді полиция өкілі сотта.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Прокурор Әсел Таңалиева Ақтөбедегі Қаңтар оқиғасында 33 полиция қызметкері түрлі жарақат алғанын айтты. Сотқа жәбірленуші ретінде шақырылған полиция қызметкерлері Қаңтар оқиғасынан соң айып тағылып, сотқа тартылған 18 адамның бәрін тани алмады. Жәбірленушілер сотта "алаңда адам көп болды, ескілеу КАМАЗ көлігі тас әкеліп төкті, көлік жүргізушісін көрмедім" деген сыңайлы жалпылама жауап берді.

Суретте: Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сот процесіне қатысып отырған мемлекеттік айыптаушылар Саламат Амандықов (алдыңғы жақта) пен Әсел Таңалиева.
3/25 Прокурор Әсел Таңалиева Ақтөбедегі Қаңтар оқиғасында 33 полиция қызметкері түрлі жарақат алғанын айтты. Сотқа жәбірленуші ретінде шақырылған полиция қызметкерлері Қаңтар оқиғасынан соң айып тағылып, сотқа тартылған 18 адамның бәрін тани алмады. Жәбірленушілер сотта "алаңда адам көп болды, ескілеу КАМАЗ көлігі тас әкеліп төкті, көлік жүргізушісін көрмедім" деген сыңайлы жалпылама жауап берді.

Суретте: Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сот процесіне қатысып отырған мемлекеттік айыптаушылар Саламат Амандықов (алдыңғы жақта) пен Әсел Таңалиева.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Ақтөбедегі Қаңтар оқиғасында қаза болған екі адамның бірі Русланбек Жұбаназаров 7 қаңтарда таңсәріде демонстрантттарды күштеп тарату кезіне оққа ұшқан, Файзулла Нұргелдин алаңда оқ тиіп, бір айдан соң көз жұмды.
4/25 Ақтөбедегі Қаңтар оқиғасында қаза болған екі адамның бірі Русланбек Жұбаназаров 7 қаңтарда таңсәріде демонстрантттарды күштеп тарату кезіне оққа ұшқан, Файзулла Нұргелдин алаңда оқ тиіп, бір айдан соң көз жұмды.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Қаңтар оқиғасынан соң 18 ақтөбелікке Қылмыстық кодекстің "Жаппай тәртіпсіздік", "Билік өкіліне күш көрсету", "Қару-жарақ ұрлау" баптары бойынша айып тағылған. Олардың ісін судья Нұрлан Бақтығалиев (сол жақта) қарап жатыр.
5/25 Қаңтар оқиғасынан соң 18 ақтөбелікке Қылмыстық кодекстің "Жаппай тәртіпсіздік", "Билік өкіліне күш көрсету", "Қару-жарақ ұрлау" баптары бойынша айып тағылған. Олардың ісін судья Нұрлан Бақтығалиев (сол жақта) қарап жатыр.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
"Алаңда он екі мыңдай адам болды. Жалғыз болған жоқпын. Қару тауып алып, ашулы жұрт бір-біріне қастандық жасамасын деп алып кеттім. Бөтен ойым болған жоқ. Бір аптадан соң қаруды өзім апарып тапсырдым. Тартып алған жоқпын, тауып алдым. Арнаулы қызмет өкілдері мені тергеу изоляторына дейін ұрып-соғып апарды" деді қаңтардан бері абақтыда отырған Нұрбек Мұхит (суретте) сотта.
6/25 "Алаңда он екі мыңдай адам болды. Жалғыз болған жоқпын. Қару тауып алып, ашулы жұрт бір-біріне қастандық жасамасын деп алып кеттім. Бөтен ойым болған жоқ. Бір аптадан соң қаруды өзім апарып тапсырдым. Тартып алған жоқпын, тауып алдым. Арнаулы қызмет өкілдері мені тергеу изоляторына дейін ұрып-соғып апарды" деді қаңтардан бері абақтыда отырған Нұрбек Мұхит (суретте) сотта.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Қаңтар оқиғасынан соң айып тағылып, тоғыз айдан бері тергеу изоляторында отырған Ернұр Әжниязов (суретте ортада) сот залындағы әйнек қоршаудың ішінде тұр.
7/25 Қаңтар оқиғасынан соң айып тағылып, тоғыз айдан бері тергеу изоляторында отырған Ернұр Әжниязов (суретте ортада) сот залындағы әйнек қоршаудың ішінде тұр.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Тергеу ақтөбелік Нұрсұлтан Исаевты "полиция қызметкерлерін жеке көлігімен басып өлтірмек болды", "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деп айыптап отыр. Исаев өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ол "оқ атыла бастағанда көлігін алаңнан аулақ жерге әкетпек болғанын, сол кезде көліктің алдыңғы әйнегіне оқ тиіп, рөлге ие бола алмай қалғанын" айтады.

Суретте: Нұрсұлтан Исаев (әйнек қоршаудың ішінде) сот залында әйелі Аида Хазеевамен сөйлесіп тұр.
8/25 Тергеу ақтөбелік Нұрсұлтан Исаевты "полиция қызметкерлерін жеке көлігімен басып өлтірмек болды", "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деп айыптап отыр. Исаев өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ол "оқ атыла бастағанда көлігін алаңнан аулақ жерге әкетпек болғанын, сол кезде көліктің алдыңғы әйнегіне оқ тиіп, рөлге ие бола алмай қалғанын" айтады.

Суретте: Нұрсұлтан Исаев (әйнек қоршаудың ішінде) сот залында әйелі Аида Хазеевамен сөйлесіп тұр.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
19 қазандағы сот отырысында адвокат Азамат Сағалов соттан қаңтардан бері тергеу изоляторында қамауда отырған Нұрсұлтан Исаевты босатуды сұрады, судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Суретте: Нұрсұлтан Исаев ( әйнек қоршаудың ішінде) адвокаты Азамат Сағаловпен сөйлесіп тұр.
9/25 19 қазандағы сот отырысында адвокат Азамат Сағалов соттан қаңтардан бері тергеу изоляторында қамауда отырған Нұрсұлтан Исаевты босатуды сұрады, судья бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Суретте: Нұрсұлтан Исаев ( әйнек қоршаудың ішінде) адвокаты Азамат Сағаловпен сөйлесіп тұр.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Адвокат Әлімжан Көшбаев Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сотта жәбірленушіге сұрақ қойып тұр. Адвокат түтін шашатын құралдан зардап шеккен полиция қызметкеріне жәбірленуші емес, куә статусы берілуі тиіс деп санайды.
10/25 Адвокат Әлімжан Көшбаев Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сотта жәбірленушіге сұрақ қойып тұр. Адвокат түтін шашатын құралдан зардап шеккен полиция қызметкеріне жәбірленуші емес, куә статусы берілуі тиіс деп санайды.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған Жанна Есмұрзаева (ортада) мен оның адвокаты Ақылжан Қуантаев (оң жақта) сот залында отыр.
11/25 Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған Жанна Есмұрзаева (ортада) мен оның адвокаты Ақылжан Қуантаев (оң жақта) сот залында отыр.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған Дархан Қамидың (оң жақта тұр) адвокаты Қанат Тұрғанбаев (сол жақта) сотта сөйлеп тұр.
12/25 Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған Дархан Қамидың (оң жақта тұр) адвокаты Қанат Тұрғанбаев (сол жақта) сотта сөйлеп тұр.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Суретте: Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың адвокаттары сот залында. Ақтөбе, 19 қазан 2022 жыл.
13/25 Суретте: Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың адвокаттары сот залында. Ақтөбе, 19 қазан 2022 жыл.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған Нұрсұлтан Исаевтың әйелі Аида Хазеева (оң жақта) сот тыңдауында отыр.
14/25 Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған Нұрсұлтан Исаевтың әйелі Аида Хазеева (оң жақта) сот тыңдауында отыр.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Асланбек Омаров – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
15/25 Асланбек Омаров – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сотта адвокат Күләш Манько (ортада) жәбірленушілерге сұрақ қойып тұр.
16/25 Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сотта адвокат Күләш Манько (ортада) жәбірленушілерге сұрақ қойып тұр.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Дархан Қами – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
17/25 Дархан Қами – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Қоғам белсенділері Қайырғали Арыстанғалиев (ортада) пен Өмірсерік Оразалин (оң жақта) Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сотта отыр.
18/25 Қоғам белсенділері Қайырғали Арыстанғалиев (ортада) пен Өмірсерік Оразалин (оң жақта) Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың ісі бойынша сотта отыр.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Берік Құспанов – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
19/25 Берік Құспанов – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Дархан Әбиев – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
20/25 Дархан Әбиев – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Бекжан Аманғосов – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
21/25 Бекжан Аманғосов – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Арнольд Сәдуақасов – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
22/25 Арнольд Сәдуақасов – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Нұркен Өмірәлі – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
23/25 Нұркен Өмірәлі – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Әмірбек Дәукен – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
24/25 Әмірбек Дәукен – Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған 18 азаматтың бірі.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Ресми мәлімет бойынша, Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан кейін үстінен қылмыстық іс қозғалған 21 адамның ісі сотқа жеткен. Қазір Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 18 азаматтың ісін қарап жатыр. Шілдеде сот "Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алмақ болды" деп айыпталған үш адамның бостандығын үш жарым жылға шектеген. Бұған дейін Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан соң ұсталып, азапталдым деген азаматтардың арыз-шағымы қаралмай жатқаны туралы хабар тараған.
25/25 Ресми мәлімет бойынша, Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан кейін үстінен қылмыстық іс қозғалған 21 адамның ісі сотқа жеткен. Қазір Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 18 азаматтың ісін қарап жатыр. Шілдеде сот "Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алмақ болды" деп айыпталған үш адамның бостандығын үш жарым жылға шектеген. Бұған дейін Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан соң ұсталып, азапталдым деген азаматтардың арыз-шағымы қаралмай жатқаны туралы хабар тараған.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 азаматтың соты өтіп жатыр. Жәбірленуші деп танылған 39 адамның екеуі - өрт сөндіру қызметінен, қалғаны – полиция өкілдері. 19 қазанда сотта сөйлеген полицейлер сотталушыларды танымайтынын, ешкімге талабы жоғын айтты.
Previous slide
Next slide

Ақтөбеде 3 қаңтардан бастап, демонстранттар күшпен таратылған 7 қаңтарға дейінгі аралықта наразылармен билік атынан Асхат Шахаров қана келіссөз жүргізген. Ақтөбе облысының сол кездегі басшысы Оңдасын Оразалин жұрт талабына қарамастан наразылардың алдына шықпай қойған.

Шахаровтың сөзінше, оқтын-оқтын алаңға шығып, келіссөз жүргізуге оны ешкім мәжбүрлемеген. "Өз ықтиярыммен бардым" деді ол сот залында.

Сотталушылардың бірі Жанна Есмұрзаеваның жақтасы Ақылжан Қуантаев "Алаңда сіз "халықпен біргемін" дегенсіз. Бұл сөзді қалай түсінуге болады? Сіз де олардың талаптарын қолдадыңыз ба?" деп сұрады. Шахаров "Сол күндері мен олармен бірге болдым. Барлық сауалды билік өкілі ретінде олармен ашық талқыладым" деп нені меңзегенін түсіндіріп берді.

Ақтөбенің әкімі Қаңтар оқиғасынан соң қылмыстық жауапқа тартылғандар арасынан Қуат Шамұратовты танитынын айтты.

- Менің жаныма келіп, өзін таныстырған Қуат наразылармен келіссөз жүргізуге әзір екенін айтты. Біз оған жағдай жасап, рупор әкеп бердік. Қас қарайып қалған шақ болатын. Жиналғандар оның сөзіне құлақ аспады. Оның халықты сабырға шақырған әрекетінен еш нәтиже болмады, - деді Шахаров.

Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан соң айып тағылған 18 адамның ісін сот 13 қазан күні қарай бастады. Тергеу 18 адамды әкімдік ғимаратын талқандап, өрт сөндіруші көлікті қиратып, мемлекеттік органдарға жалпы сомасы 148 млн 431 мың теңге шығын келтірді деп айыптап отыр. Сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспейді.

Қаңтар оқиғасынан кейін Қылмыстық кодекстің "Жаппай тәртіпсіздік", "Билік өкіліне күш көрсету", "Қару-жарақ ұрлау" баптары бойынша айып тағылған 18 ақтөбеліктің үшеуі – Ернұр Әжниязов, Нұрсұлтан Исаев пен Нұрбек Мұхит он айдан бері тергеу изоляторында.

Ресми мәлімет бойынша, Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған 21 адамның қылмыстық ісі сотқа жеткен. Қазір Ақтөбе соты 18 азаматтың ісін қарап жатыр. Шілдеде сот "Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алмақ болды" деп айыпталған үш адамның бостандығын үш жарым жылға шектеген.

• Қаңтардың басында Жаңаөзенде халық сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылыққа шыққан. Бұл наразылықты елдің басқа аймақтары да қолдап, билікке талап айта бастаған еді. Ал 5 қаңтарда наразылық соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, оқиғадан 238 адам қаза тапты.
• Қаңтар оқиғасы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдарға ескертусіз оқ атуға бұйрық берген. Сарапшылар Қаңтар оқиғасы Тоқаев пен Назарбаев кланы арасындағы тартыс түрткі болды деп санайды. Тоқаев та, Назарбаев та мұны жоққа шығарған. Ақорда оқиғаны "мемлекеттік төңкеріске талпыныс" дегенімен, төңкерісті кім жасамақ болғанын ашып айтпады.
• Қаңтар оқиғасынан кейін мыңдаған адам ұсталып, жүздеген қылмыстық іс қозғалған. Оқиға кезінде ұсталған ондаған адам түрмеде азапталғанын айтқан. Қаңтарда қаза таза тапқан 238 адамның алтауы азаптаудан көз жұмған.
XS
SM
MD
LG