Accessibility links

Алматыда "Барахолка" базарындағы қоймалар өртенді


Алматы барахолкасындағы өрт. 11 қараша 2022 жыл. Төтенше жағдай министрлігі жіберген сурет.
Алматы барахолкасындағы өрт. 11 қараша 2022 жыл. Төтенше жағдай министрлігі жіберген сурет.

Алматыда "Барахолка" базарындағы қоймалар өртенді. Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі 11 қарашада түскі сағат 12.40-та 1500 шаршы метр өрт аумағының сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жөнінде ақпарат жоқ.

Аумақты полиция қызметкерлері қоршаған. Оқиға орнына өрт сөндіру автопойыздары жіберілгені хабарланды. Оңтүстік жақтағы конструкциялардың құлау қаупі жөнінде айтылды. Оқиға орнында шұғыл штаб құрылған.

Алматы қаласының төтенше жағдай департаменті өкілдері "айналада жүрген адамдардың, куәгерлердің өрт сөндіруге кедергі келтіргеніне" шағымданды.

Өрттің нақты қай базарда болғаны айтылмайды. Ақпаратқа қарағанда, Жетісу ауданы Солтүстік айналма бөліктегі контейнерлер өртенген деп айтылады.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар көп.

Ақпаратқа қарағанда, контейнерлерден түтін шығып жатқаны жөнінде хабар өрт сөндірушілерге 11-ге таман жеткен. Өрт сөндіруге 25 техника, 86 маман қатысқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG