Accessibility links

Қырғызстан ҰҚМК "ДАИШ-ті қаржыландырған" азамат ұсталғанын мәлімдеді


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет (ҰҚМК) қызметкерлері елде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" (ДАИШ) мен "Жиһад тобы" террористік топтарын қаржыландырды деген күдікпен бір азаматты ұстады. Бұл жөнінде ҰҚМК-ның баспасөз орталығы хабарлады.

Арнайы қызметтің хабарлауынша, күдікті Қырғызстанда ұрланған паспорттарды Түркияға террористік ұйым содырларына жіберіп отырған. Ал содырлар құжаттарды өз мақсаттарына пайдаланған.

"10 қарашада контртеррористік операция барысында Б.Э.А. есімді террористік топтың белсенді мүшесі, Қырғызстан азаматы ұсталып, ҰҚМК уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір террористік қызметке қатысы бар өзге де азаматтарды анықтау бойынша жедел-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" деп хабарлады ҰҚМК өкілдері.

2003 жылдан бері Қырғызстан аумағында 21 халықаралық діни ұйым "экстремистік және террористік топ" деп танылып, қызметіне сот шешімімен тыйым салынған. Олардың арасында "Жабхат ән-Нусра", "Жайшул Махди", "Ансару л-Лах", "Хизб ут-Тахрир әл-Ислами", "Жиһад тобы", "Ислам мемлекеті", "Шығыс Түркістан ислам қозғалысы" бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG