Accessibility links

Пригожин Петербург губернаторын мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады


Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов.
Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов.

Ресей бизнесмені Евгений Пригожин Санкт-Петербург губернаторы Александр Бегловтың үстінен Ресей бас прокуратурасы мен федералды қауіпсіздік қызметіне арыз түсіріп, Қылмыстық кодекстің "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша тексеруді талап етті. Бұл жөнінде жексенбіде Пригожин компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Пригожин қазан айында "Беглов Украинадағы арнаулы операцияға қатысушылардың құқықтарын бұзып, іс жүзінде "Украина қарулы күштеріне зор қолдау көрсетіп отыр" деп ашық мәлімдеген, бірақ нақты қандай мәселе екенін айтпаған.

Бегловтың баспасөз қызметі "Санкт-Петербург арнаулы операцияны жан-жақты қолдап, қаланың медицина мекемелері арнаулы операцияға қатысушылар мен олардың отбасына барлық көмекті жасап отыр" деп жауап берген.

Бизнесмен Пригожин мен Петербург губернаторының арасындағы жанжал екі жылдан бері жалғасып келеді. Екеуі бірін-бірі жемқор деп айыптаған. Ресей Украинаға биыл ақпанда басып кірген соң жекеменшік "Вагнер" компаниясы бар Пригожиннің саяси ықпалы күшейіп, түрлі мәлімдемелер жасай бастаған. Ол Украинадағы Ресей басқыншылығына қатысып жүрген "Орталық" әскери тобының басшысы, генерал-полковник Александр Лапинді "басып алған жерден айырылып қалды" деп кіналаған. 29 қазанда Лапин қызметінен босатылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG