Accessibility links

Зеленский: Украинадағы соғыс әділетті аяқталуға тиіс


Владимир Зеленский
Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Индонезияда өтіп жатқан G-20 саммитіне жасаған видеоүндеуінде Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды.

"Ресей шабуылын тоқтататын кез келді. Бұл мыңдаған адамды ажалдан құтқарады"деп мәлімдеген Зеленский, бұл үндеуіy G 20 тобындағы 19 елге арналғанын аңғартты. Бұл топқа Ресей де мүше.

Украина президенті "соғыс әділетті түрде және БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқыққа сай аяқталуға тиіс" деді. Ол өзге елдерден Киевті "ар-ожданмен компромиске келуді" талап етпеуге шақырды. "Украинаны өзінің ар-ожданымен, жерімен және тәуелсіздігімен компромиске келуді шақырудың керегі жоқ" деді ол.

"Ресей Украинаның аумақтық тұтастығын мойындап, Украина жерінен әскерін алып кетуге және келтірген шығынының орнын толтыруға тиіс. Украина Минск келісіміне қайта оралмайды, Украинаға жаңа қауіпсіздік кепілдігі керек",- деді Украина президенті.

Зеленский Ресейге "бәріне бәрін" формуласы бойынша тұтқын алмасуды ұсынды.

G20 жетекшілеріне жасаған видеоүндеуінде Украина президенті "астық келісімін" ұзартып, оған Николаевск облысын да қосуды және Ресей мұнайының бағасын шектеуді, Ресейдің ядролық қару қолдануына жол бермеуге шақырды.

  • G 20 саммиті сейсенбіде Индонезия аралы Балиде ашылды. Саммиттің негізгі тақырыбы Ресейдың Украинаға жасаған басқыншылығы мен оның әлем экономикасына салдары болады.
  • Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің саммитке келмейтіні де, видеоүндеу де жолдамайтыны да мәлім болған. Саммитке Ресей атынан сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысады.
  • 3 қарашада Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путин саммитке келетін болса, саммитке қатысудан бас тартатынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG