Accessibility links

Атыраудан кейін Оралда да автогаз тапшылығы пайда болған


Ақтөбе қаласындағы жанармай бекеті. Көрнекі сурет
Ақтөбе қаласындағы жанармай бекеті. Көрнекі сурет

14 қарашада Орал қаласының автогаз бекеттерінде газ тек талонмен берілуіне байланысты кезек пайда болған. Бұл жөнінде жергілікті "Мой город" басылымы жазған.

Батыс Қазақстан облысының энергетика басқармасы 2 қарашадағы жағдай бойынша, газ толтырылған станцияларда 180 тонна болғанын хабарлады. Қараша айында облыстың ішкі нарығына сығымдалған газды жеткізу жоспары 3 438 тонна болған.

"Алайда, 26 қазанда "АМӨЗ" ЖШС энергетика министрлігіне қараша айында газ өндірісі төмендетілетіні жоспарланғаны туралы хабар берген. Осыған байланысты ақырғы сатып алушыларға жеткізілетін газ көлемі де 35 пайызға азайды",- деді Батыс Қазақстан облысы энергетика басқармасының жетекшісі Міржан Нұртазиев.

Оның ақпаратына қарағанда, қараша айында Батыс Қазақстан облысына 2235 тонна газ жеткізіледі. Атырау мұнай өңдеу зауытына 7-14 қараша аралығында күнделікті жөндеу жұмыстары жүреді. Зауыт шамамен 18 қарашадан бастап толық қуатына көшеді.

Шенеуніктің сөзінше, энергетика министрлігі "СНПС-Ақтөбемұнайгаздан" 504 тонна газ бөлген.

Басылымның жазуынша, өткен аптада Атырау жанармай бекеттерінде де осыған ұқсас жағдай болған. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Атырауға жеткізілетін газ 35 пайызға азайған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG