Accessibility links

"Мемориал" орталығының құқық қорғаушысы Виталий Пономаревті Қырғызстаннан шығарып жіберді


Директор центральноазиатской программы правозащитного центра «Мемориал» Виталий Пономарев
Директор центральноазиатской программы правозащитного центра «Мемориал» Виталий Пономарев

"Мемориал" құқық қорғау орталығының Орталық Азия бойынша бағдарламасының директоры Виталий Пономаревті Қырғызстаннан шығарып жіберді. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз редакциясына "Бир Дуйно Кыргызстан" құқық қорғау қозғалысы хабарлады.

Ұйымның сөзіне қарағанда, Пономарев адам құқығы бойынша кинофестивльге қонақ ретінде шақырылған, алайда оған Қырғызстанға кіруге тыйым салынғандықтан іс-шараға қатыса алмаған.

Қырғызстанның шекара қызметі бұл ақпаратты растады.

"Шекара қызметі өзге мемлекеттік құрылымдардың тапсырмасын орындайды. Оған Қырғызстанға кіруге тыйым салынған. Пономарев мырза өзінің Қырғызстанға не үшін кіргізілмегенін біледі. Біз тек атқарушы органбыз",-дейді Қырғызстан Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Виталий Пономарев 14 қарашада Манас әуежайында шекара бақылауынан өткен кезде тоқтатылған. Шекарашылар оған 2017 жылдан бастап Қырғызстанға кіруге тыйым салынғанын, 2020 жылы тыйым ұзартылғанын айтқан.

Виталий Пономаревқа президент Құрманбек Бакиев кезінде Қырғызстанға кіруге тыйым салынған. 2009 жылы шекарашылар оны Манас әуежайынан шығармаған, кейін Қайыңды теміржол станциясынан да артқа қайтарған. Понамарев Ош облысының Ноқат, Үзген және Қарасу аудандарында экстремистік әрекет жасады деген күдікке ілінгендер туралы өз зертеуін жариялаған еді.

2010 жылы Пономаревқа салынған тыйым алынды деге хабар тараған. Алайда, 2017 жылы шілдеді Пономаревті Қырғызстанға тағы да кіргізбеген. Қырғызстанға кірерде паспортын алып қойып, кейін Қырғызстанға кіруге тыйым салынғаны туралы актімен қоса қайтарып берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG