Accessibility links

Запорожьеде тұрғын үйге зымыран құлап, 7 адам опат болды


Ресей әскері Украинаның Запорожье облысы Вольнянск қаласын зымыранмен атқылап, кемінде жеті адам опат болды. Тұрғын үйге зымыран құлады, деп хабарлады жергілікті билік.

Қаза болғандар артуы мүмкін, себебі үйінділерді аршу жұмыстары аяқталмаған, деді Украина президенті кеңсесі жетекшісінің орынбасары Кирилл Тимошенко.

Вольнянскідегі төрт пәтерлі үй толық жойылған.

Осының алдында Ресей зымыраны Николаев облысы орталығындағы бес қабатты тұрғын үйге құлаған еді. Соның салдарынан подъездердің бірі қираған. Алты адам қаза болған.

Ресей билігі Вольнянскі мен Николаевтағы бейбіт тұрғындардың опат болғанына байланысты түсініктеме бермеді.

  • Ресей Украинаға 24 ақпанда басып кірген. БҰҰ дерегінше, соғыстан 6490 бейбіт тұрғын опат болған, арасында 403 бала бар. Бұл дерек толық емес деп айтылады.
  • Ресей әскерін бейбіт тұрғындарды өлтірді, азаптады, күш қолданды деп айыптаған Украина билігі көп қылмыстық істерді тергеп жатыр. Ресей бейбіт тұрғындардың өліміне қатысы жоғын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG