Accessibility links

Төрт ай ішінде Украина ондаған Ресей азаматына виза берген


2022 жылдың 1 шілдесінен бері Украина билігі Ресей азаматтарына виза режимін енгізіп, ондаған Ресей азаматына виза берген. Бұл жөнінде Украина сыртқы істер министрлігіне сүйенген Hromadske сайты жазды.

Визаны ресейліктерге Украинаның шетелдегі дипломатия мекемелері рәсімдеген. Министрлік қанша өтініш түскенін айтпады.

Виза Ресей азаматына Украинаға кіруге жүз пайыз кепілдік бере алмайды. Түпкілікті шешімді бақылау өткізу пунктіндегі шекарашылар қабылдайды.

Қараша айының басында Украина ресейліктерге уақытша немесе тұрақты тұру құжаттарын рәсімдеуді тоқтатқан. Тыйым сонымен бірге ел ішінде қоныс аударып жүруді де қамтиды. Мұндай шара елдегі әскери жағдай кезінде және ол алынғаннан кейін 30 күн бойы күшінде болады. Тыйым Украинада туыстары жоқ немесе украин компаниялары мен ұйымдарына жұмысқа кірмеген Ресей азаматтарына қатысты.

  • Ресей азаматтарына виза енгізу туралы шешім Украина президенті кеңсесінің сайтында соған қатысты электронды петиция жарияланғаннан кейін қабылданған. Петицияға 25 мыңнан астам адам қол қойып, қаралуы тиіс болғаннан кейін президент Владимир Зеленский оны қолдаған. Ол билік мұндай қадамға "ұлттық қауіпсіздікке төнген қатермен күресу үшін" барды деп түсіндірді.
  • Қырым аннексиясы мен Донбастағы әскери қақтығыстан кейін де Ресей мен Украина арасында визасыз режим болған. Ресейліктер Украинада жарты жыл сайын 90 күнге дейін тұра алды. Украинаға кірген кезде олардан шетел паспорты сұралып, шекарада мұқият тексеруден өтеді. 2014 жылдан кейін Украинаға кірген Ресей азаматтары едәуір азайған. Украина мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, 2021 жылы Украинамен шекарадан жарты миллион ресейлік өткен. Жеті мыңы түрлі себеппен елге кіргізілмеген.

XS
SM
MD
LG