Accessibility links

Тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру кезінде заң бұзушылықтар тіркелгенін хабарлады


Тәуелсіз бақылаушылар отырған аймақта жүрген полицей. 20 қараша 2022 жыл.
Тәуелсіз бақылаушылар отырған аймақта жүрген полицей. 20 қараша 2022 жыл.

"Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры мен Қазақстан жастарының ақпарат орталығының (МИСК) тәуелсіз бақылаушылары кезектен тыс президент сайлауында заң бұзушылық тіркелгенін хабарлады.

МИСК жанынан құрылған жас бақылаушылар лигасының хабарлауынша, дауыс беру күнінің бірінші жартысында 25 заң бұзушылық тіркелген. Соның ішінде 16 заң бұзу бақылаушылардың құқығына қатысты болған.

"Бақылаушылар отырған жерді қызыл лентамен қоршап, қозғалысына кедергі келтірді. Орындықта отыруды сұрап, қанша адам дауыс беруге келгені жайлы ақпаратты бермеді, хаттама жайлы ақпарат сұраса қуып шығамыз деп қорқытады" деп хабарлады жас бақылаушылар лигасы.

Тәуелсіз бақылаушылар "мұндай кедергілер көбіне Астана қаласында тіркелгенін" айтады.

Ұйым бақылаушылары тіркеген заң бұзу фактілері мыналар:

  • Сайлау комиссиясы мүшесінің қолы қойылмаған бюллетеньді беру;
  • Бақылаушылардың жүріп-тұруын шектеу;
  • Биліктегі "Аманат" партиясынан бір учаскеде екі бақылаушы болды.

Ал "Еркіндік қанаты" ұйымы да "тәуелсіз бақылаушылар құқығы бұзылғанын" мәлімдеді. Ұйым хабарламасында кейбір бақылаушыларды учаскеге кіргізбей, ақпарат бермей қойғаны айтылады. "Еркіндік қанаты" Астанада екі бақылаушыны учаскеден қуып шыққанын да хабарлады.

Ұйым кейбір учаскелер сайлаушылар мен бюллетеньдердің саны жайлы ақпарат бермегенін, учаскеде жүріп-тұруға кедергі келтірілгенін де айтады.

"Еркіндік қанаты" Алматыдағы №105 учаскеде бақылаушысын дәретханаға жібермей қойғанын хабарлады. Ал қаланың аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанов "дәретхана толып қалған соң ешкімді жібермедік" деген.

Бұған дейін Тәуелсіз бақылаушылардың бірлестігі сайлауда өздеріне қысым жасалып жатқанын хабарлаған еді. Бірлестік ақпараттық шабуылға ұшырағанын, тренинг өткізуге кеңсе берілмегенін айтқан. Бақылаушылар мұны қысым, жұмыстарына кедергі деп бағалаған еді.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанов дауыс беру кезінде "ресми түрде заң бұзушылық тіркелген жоқ" деп мәлімдеді.

Тәуелсіз бақылаушылар сайлау алдында кедергі көбейгенін айтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:56 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG