Астана уақытымен сағат 18:05-тегі жағдай бойынша сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берген. Бұл жөнінде орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Ең жоғары "белсенділік" – Түркістан облысында (80,25%) тіркелген. Ең төмен көрсеткіш – Алматы қаласында (27,93 %).
Астанада сайлаушылардың 48,01 % дауыс берген.
Елде дауыс беруге құқығы бар 11 950 485 адам бар. ОСК мәліметінше, сағат кешкі 6:05-ке дейін 8 108 668 адам дауыс берген.
Заңда сайлау өтті деп есептеу үшін сайлаушылардың белгілі бір пайызы келуі тиіс деген меже қойылмаған.
ПІКІРЛЕР