Астананың арнайы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 18 қарашада бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімін тағы бір айға созды.
Экс-шенеунік 140 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен мамыр айында ұсталған. Ол кезде экс-министр Ұлттық музейді басқарған.
Тергеу амалдары "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізу, "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу", "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген қаражаттың ұрлану фактілері бойынша жүріп жатыр. Келісімнің жалпы құны 1,2 млрд теңге болған деп айтылады.
Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдары мәдениет министрі болды. Кейінгі үш жылда Ұлттық музейге жетекшілік еткен.
ПІКІРЛЕР