Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік БелТА агенттігі. Хабарламада Беларусь сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Анатолий Глазаға сілтеме жасалған.
Ақпаратқа қарағанда, министр кенеттен көз жұмған. "Ешқандай нышан байқалған жоқ" деді баспасөз хатшы. Басқа ақпарат айтылмайды.
Владимир Макей 64 жаста болған. Беларусь сыртқы істер министрлігінде қызмет істегеннен кейін Александр Лукашенко әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалған. 2012 жылдан бері сыртқы істер министрі қызметін атқарған.
Владимир Макейдің сырқат екені жөнінде хабар болған жоқ. Өткен аптада ол белорус делегациясы құрамында ҰҚШҰ-ның Еревандағы саммитіне қатысқан. Ал жуырда Ватикан өкілдерімен кездескен.
Ресей СІМ өкілі Мария Захарова Беларусь Мәскеу сыртқы істер министрі Владимир Макейдің өлімі жөнінде хабарға күйзеледі деді.
Кремльшіл Телеграм-арналардың жазуынша, 2020 жылға дейін Макей Ресей мүддесіне қайшы болса да Беларусь пен Батыс арасында қарым-қатынасты жақсартуға күш салған. Дегенмен Макей мен оның ведомствосы Александр Лукашенконың саясатын ұстанған. Батыс елдері арасында Макейге Канада ғана санкция салған.