Accessibility links

Мәжіліс сайлауы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын орындау ретінде көрсетілген


Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналистер сұрақтарына жауап беріп тұр. 2 наурыз 2022 жыл.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов журналистер сұрақтарына жауап беріп тұр. 2 наурыз 2022 жыл.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауын 2023 жылдың маусымына белгіледі. Бұл 26 қарашада Ақорда сайтында жарияланған "президенттің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрқашан" атты "сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында көрсетілген.

Сайлау туралы ақпарат "іс-қимыл жоспарында" екінші болып тұр, ол "саяси модернизация" бөліміне орналастырылған. Онда "парламент пен мәслихаттардың жаңа сайлау жүйесінің негізінде – партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша қалыптастырылуын қамтамасыз ете отырып, сайлау өткізу" қажеттігі жазылған. Орындау мерзімі – 2023 жылдың маусымы деп көрсетілген. "Жауапты орындаушылар" – ОСК, үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері деп жазылған.

Жоспардың үшінші пунктінде "партияаралық диалогты дамыту, саяси бәсекелестікті қамтамасыз ету, жетілген, жауапты сайлау мәдениетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау" деп жазылып тұр. Орындау мерзімі 2023 жылдың наурызы деп көрсетілген.

Онда сонымен бірге 2023 жылы желтоқсанда қала, аудан әкімдерін тіке сайлау өткізуді бақылау туралы пункт те бар.

Тоқаев 26 қараша күнгі инаугурация кезінде мәжіліс сайлауы "2023 жылдың бірінші жартысында өтеді" деп мәлімдеген. Инаугурация күні сенат сайлауының 14 қаңтарда өтетіні де белгілі болды. Сенат сайлауы парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарының жартысының өкілет мерзімінің өтуіне байланысты белгіленіп отыр.

Мәжіліс сайлауы аралас партиялық-мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Соңғы өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстан халық ассамблеясы мәжіліске депутаттар ұсынбайды.

Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттары да осындай жүйемен сайланады. Аудан және облыстық маңызы бар қалаларда мәслихат депутаттары бір мандаттық аймақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Қазір Қазақстанда тіркелген алты партия бар: «Аманат», «Ақ жол», Қазақстан халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» және «Адал». Биыл наурызда атауын "Аманат" қылып өзгерткен "Нұр Отан" өзіне "Адал" партиясын қосып алған.

2021 жылы 10 қаңтарда өткен парламент сайлауының нәтижесінде «Аманат», «Ақ жол» және Қазақстан халық партиясы мәжіліске өтті. Алдыңғы шақырылымдарда да осы үш ұйым болған.

Қазақстанда партия құрғысы келетін белсенділер биліктің өздерін тіркеуден өткізбей отырғанын жиі айтады. Мұндай бастамалар 2019 жылдан бері жиі көтеріле бастаған, алайда бастама топтары формалды себептерге байланысты ұйымдарын тіркете алмай жүргенін айтады. Билік партия құруда кедергі барын жоққа шығарады.

Билікті сынайтын және саяси-экономикалық реформаларды талап еткен топтар Қазақстан демократиялық партиясы, Халыққа адал қызмет, Республика, "Біздің құқығымыз", "Еркін халық", "Халық таңдауы", "Ел тірегі" партияларын құратынын мәлімдеген. Алайда олардың ешқайсысы әзірге тіркеле алмады.

Қарай отырыңыз: Астанада Тоқаев инаугурациясы қалай өтті? (26 қараша 2022 жыл).

Астанада Тоқаев инаугурациясы қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:25 0:00

XS
SM
MD
LG