Accessibility links

Днепрде зымыран соққысынан зардап шеккендер 13 адамға жетті


Днепрдегі үйлер.
Днепрдегі үйлер.

Сенбі, 26 қарашада Ресей әскері Днепрді зымыранмен атқылап, 13 адам жараланды, деп хабарлады облыстың әскери әкімшілігінің жетекшісі Валентин Резниченко. Төртеуі ауруханада. Бастапқыда соққыдан алты адам жараланғаны хабарланған еді. Кейін зардап шеккендердің артқаны белгілі болды.

"Жараланғандар арасында 17 жастағы бозбала бар" деді Резниченко.

Ресей армиясы жіберген зымырандар жеке секторға түскен, кемінде жеті үй жартылай немесе толық қираған деді жергілікті билік өкілдері.

Днепр мэрі Борис Филатов соққы нәтижесінде қалалық коммуникация мен инфрақұрылым бүлінбегенін, бірақ бірнеше трансформатор станциясының автоматты түрде өшіп қалғанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG