Accessibility links

Қайта сайланған Тоқаев ҰҚК мен өзге де күш құрылымдар басшыларын қызметінде қалдырды


Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инаугурациядан екі күннен соң ҰҚК мен өзге де құрылымдардың басшыларын қайта тағайындады.

Президент жарлығымен Ермек Сағымбаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Олжас Бектенов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды.

Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Сәкен Исабеков, президент іс басқарушысы Айбек Дәдебаев, мемлекеттік қызмет агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, реформа және стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қызметтерінде қалды.

Аталған вдеомстволардың жетекшілері мен облыс әкімдерін және республикалық маңызы бар қала әкімдерін президент тағайындайды.

26 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Қазақстан президенті ретінде ант берген.

20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлаудың ресми мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 81,3 пайызының қолдауын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG