Accessibility links

Сорос қорының "Ашық қоғамы" Тәжікстаннан кетеді


Америка миллиардері Джордж Сорос

Джордж Соростың "Ашық қоғам" қоры Тәжікстаннан кетеді. Сайтында жарияланған ресми хабарында Соростың командасы ірі өзгерістер жасауға кіріскенін, сол себепті әлемдегі 20-дан астам бөлімшесінің жұмыс форматы ауысатынын хабарлаған.

Осыған байланысты Сорос қоры грантқа өтініш қабылдауды тоқтатқан.

25 жылдан астам уақытта "Ашық қоғам" институты Тәжікстанның азаматтық қоғамы мен тәуелсіз БАҚ-тарына грант бөліп келді. Өткен жылы үш миллион доллардың грантын бөлген.

2017 жылы миллиардер және филантроп Джордж Сорос 18 миллиард доллар ақшасын өзінің "Ашық қоғам" деп аталатын қайырым қорына аударып, оны әлемдегі ірі қорлардың біріне айналдырған.

"Ашық қоғам" қоры құқық қорғау ұйымдарына, қоғамдық денсаулық сақтау саласына қаржы бөліп, экономикалық реформалар жүргізуге көмектеседі. Сорос қоры Қазақстанда 1995 жылдан жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG