Accessibility links

Екібастұздағы жағдай: Көп қабатты 25 үй мен жекеменшік 90 үйде жылу жоқ


Екібастұзда жылусыз қалған көп қабатты үйдің алды. 28 қараша 2022 жыл
Екібастұзда жылусыз қалған көп қабатты үйдің алды. 28 қараша 2022 жыл

Қазір Екібастұздағы көп қабатты 25 үй мен жекеменшік 90 үйде жылу жоқ. Қарашаның 29-ындағы түске дейінгі бұл мәліметті сейсенбіде үкімет отырысына қатысқан Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жариялады. 27 қарашада Екібастұздың жергілікті жылу электр орталығы (ЖЭО) тоқтап қалған еді.

"Құбырда ыстық су бар. Жылусыз үйлердің жылу жүйесін қалпына келтіруіміз керек", - деді Сқақов.

Сқақовтың сөзінше, 4 қазандығы тоқтап қалғандығына байланысты ЖЭО төмен температурамен жұмыс істеген. 29 қарашада 10 қазандықтың алтауы жұмыс істеген. Өзге қалалардан 25 бригада мен 37 техника көмекке келген. Облыс әкімі Екібастұздың Павлодар, Қарағанды, Астана және Петропавл қалаларынан 150 маман күтіп отырғанын айтты.

Жөндеу бригадалары тәулік бойы жұмыс істесе де әзірге жылуды қалпына келтіре алмай жатыр.

Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, Екібастұзда босанған әйелдерді Павлодарға шұғыл жеткізу үшін қосымша аэродром әзірлеген.

Қарашаның 27-сіне қараған түні 150 мың адам өмір сүретін Екібастұз қаласындағы жергілікті ЖЭО істен шыққан. Соның салдарынан тұрғындар 30 градус суықта жылусыз қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG