Accessibility links

Ақорда баспасөз хатшысы: Мәскеуде Тоқаев пен Путин үш ел қатысатын "газ одағын" сөз етті


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Архив суреті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Архив суреті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин 28 қарашада Мәскеудегі келіссөзінде "Қазақстан мен Өзбекстан аумағы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "газ одағын" құру мәселесін қарастырған. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды" дейді ол.

"Үш мемлекеттің әлдебір одағы" туралы ақпаратты кеше Ресей БАҚ-тары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сілтеп таратқан.

Әзірге Өзбекстан билігінің реакциясы белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG