Accessibility links

Дағыстанда Каспий теңізі жағалауында 700 өлі итбалық табылды


Дағыстанда Каспий теңізі жағалауында шамамен 700 өлі итбалық табылды. Бұл жөнінде Ресей балық шаруашылығы Солтүстік Кавказ аймақтық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Итбалықтардың неден қырылғаны белгісіз. Инспекторлар республика аумағындағы Каспий теңізі жағалауын тексеріп шығады.

Мамандар бір қарап шыққаннан кейін негізінен жас итбалықтар қырылған деген қорытындыға келген. Көбі буаз болған. Тексерілген итбалықтардан қармақпен тұншықтыру іздері байқалмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG