Accessibility links

CNN: Қытай полициясының шетелде жүзден астам бөлімі бар


Қытай полициясының шетелде жүзден астам бөлімі бар, негізінен Еуропа елдері мен Африкада шоғырланған. Олар сол елдерде тұрып жатқан Қытай азаматтарын аңдумен айналысады, кейбір жағдайда қудалап, еліне қайтаруға да күш салады. Бұл жөнінде Мадридте орналасқан Safeguard Defenders құқық қорғау ұйымының баяндамасына сүйенген CNN арнасы хабарлады.

Баяндамадағы мәлімет бойынша, Қытайдың өзге елдермен екіжақты келісімі негізінде жұмыс істейтін полиция өкілдіктер желісі әлемнің кемінде 53 елінде бар. Қыркүйекте Safeguard Defenders осындай 54 өкілдік жөнінде хабарлаған, жаңа баяндамада олардың қатарына тағы 48 өкілдік қосылған.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, шетелдегі бөлімшелері арқылы Қытай сол жақта тұрып жатқан азаматтарына қысым жасап, оларды еліне қайтуға мәжбүрлейді. Safeguard Defenders дерегінше, полицейлер олардың Қытайда қалған туыстарын "қысым құралы" ретінде пайдаланады. Құқық қорғаушылар осындай кемінде үш оқиғадан мысал келтіреді: олар Франция, Сербия және Испаниядан күштеп қайтарылған.

Ресми Пекин әлем елдерінде бөлімшелерінің барын жоққа шығармайды, бірақ олардың сол жақта жүрген Қытай азаматтарына "көмектесумен айналысатынын" (мысалы, жаңа құжат рәсімдеу тағы басқа – Қытай билігі) жеткізеді. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Вань Вэнбин бұл полиция бөлімшелері емес, "сервистік орталықтар", олар "пандемия кезінде Қытай азаматтарына елге қайтуға көмектескен" деп мәлімдеді. Қытай ведомствосының айтуынша, мұндай ұйымдарда еріктілер жұмыс істейтінін айтады. Алайда Safeguard Defenders сондай полиция бөлімдеріне жұмысқа алған кезде берілетін үш жылдық еңбек келісім-шартының көшірмесін жариялады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG