Accessibility links

Дағыстан үкіметі итбалық қырғынын "табиғи фактордан" көрді


Обнаруженные туши мертвых тюленей на берегу Каспийского моря
Обнаруженные туши мертвых тюленей на берегу Каспийского моря

4 желтоқсанда Дағыстанның табиғи ресурстар министрлігі жаппай қырылып, Каспий жағасына шығып қалған итбалық өлекселерін зерттеу қорытындыларын жариялады. Әзірге 2500 өлексе табылған, мамандар мұнан да көбеюі мүмкін деп отыр. Ведомство мәліметіне қарағанда, "итбалықтың қырылуына табиғи факторлар себеп болған". Бұл жөнінде "Кавказ.Реалии" жазды.

Өлген итбалықтарда бактерия, вирус, COVID-19 бар-жоғы тексерілген. "Астрахань мен Мәскеуде жасалған зерттеу нәтижесінде итбалық денесінен ешбір ауыр металл немесе пестицид табылмағаны анықталды" дейді Дағыстан министрлігі.

Дағыстанның Каспий табиғатын қорғау орталығының бас директоры Заур Гапизовтың сөзінше, итбалықтар екі апта бұрын өлген. Гапизовтың "Итбалықтардың қысыммен өлтірілмегені, денелерінен балықшылар ауының қалдығы табылмағаны туралы" сөзін Ресейдің "Риа Новости" мемлекеттік арнасы жариялады.

  • Дағыстан билігінің итбалық қырғынын табиғи себептермен байланыстырғаны бірінші рет емес. 2020 жылы желтоқсанда Махачкала мен Каспий арасында 300-ден астам итбалық өлексесі табылған. 2021 жылы мамырда да 170 өлексе шыққан. Маусым айында ғана мамандар "итбалықтардың 90 пайызы теңіз астындағы табиғи газдан уланып өлді" деп мәлімдеген.
  • 2017 жылы Дағыстан билігі "Каспий теңізі мен жағасында мұнай өндірісінің дамуына байланысты итбалықтың дәстүрлі тіршілік орны жойылған немесе өте қатты лайланған" деп көрсеткен. Экологтардың мәліметінше, бұрын Каспий теңізінде миллионға жуық итбалық өмір сүрген, қазір 70-100 мыңнан аспайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG