Германияда 7 желтоқсанда арнайы операция барысында "төңкеріс жасамақ болды" деген күдікпен оңшыл радикал қозғалыстың кемінде 25 өкілі ұсталған.
Арнайы операцияға күштік құрылымның үш мың қызметкері қатысқан. Олар Баден-Вюртемберг, Бавария, Гессен, Төменгі Саксон, Австрияның Китцбюэл және Италияның Перудж аумағындағы 137 үйге тінту жүргізген.
"Федералды прокуратура "рейхсбюргерлер" террористер желісінің өкілдеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар конституциялық билік органдарына қарулы шабуыл жасамақ болды", - деп мәлімдеді Германия әділет министрі Марко Бушман.
Жалпы 25 адам ұсталған. Оның 22-і террористік ұйымға мүше, үшеуі ұйымның жақтастары болды деген күдікке ілінген. Арасында Ресей азаматы та бар.
"Рейхсбюргерлер" қозғалысы 1980 жылдары құрылған. Оның мүшелері Германияны мойындамайды. Өздерін "германдық рейх" азаматтарымыз деп есептейді. Олар өздеріне жоқ империяның жеке куәлігі мен жүргізу куәлігін жасап алады. Германияда бұл ұйымның кемінде 21 мың жақтасы бар деп есептелінеді.
Die Zeit басылымының мәліметінше, қастандық ұйымдастырмақ болғандардың бірі XIII Генрих – ежелгі Рейс ақсүйектер тегінің ханзадасы болған. Бұл тектің өкілдері I Генрих династиясының негізін салушы 1253 жылы Русь королі болған князь Даниил Романовичтің немересін әйелдікке алған деп санайды.
Қозғалыс өкілдері ақсүйектің Тюрингидегі Бад-Лобенштайн аң аулайтын үйіне жиналған. Олардың әскери жетекшісі отставкадағы неміс офицері Рюдигер фон П. болған. Ол айналасына немістердің арнайы жасағын жинаған. Ұсталғандардың арасында парламенттің ресейшіл экс-депутаттары да болған.
Bild басылымының жазуынша, олар 2021 жылдың қараша айынан бері үнемі кездесіп тұрған.
ПІКІРЛЕР