Accessibility links

Бішкекте Ресей елшілігі маңында пикет өткізбек болған белсендіге айыппұл салынды


Ресей елшілігі маңында пикет өткізген белсенді Ондуруш Токтонасыровты полицияның ұстаған сәті. Сәуір, 2022 жыл.
Ресей елшілігі маңында пикет өткізген белсенді Ондуруш Токтонасыровты полицияның ұстаған сәті. Сәуір, 2022 жыл.

Бішкек соты "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзған" белсенді Ондуруш Токтонасыровқа 3 мың сом (шамамен 35 доллар) көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде белсендінің өзі Азаттыққа хабарлады.

Ресей басшысы Владимир Путиннің Қырғызстанға сапарына қарсы пикет өткізбек болған Токтонасыровты милиция Ресей елшілігіне бара жатқан жолда ұстаған.

Сот шешімімен келіспеген белсенді сотқа шағымданатынын айтты.

Токтонасыров Ресейдің Украинаға басқыншылығына қарсы бұған дейін де Ресей елшілігі маңында бірнеше рет наразылық білдірген.

Владимир Путин Бішкекке 9 желтоқсанда таңертең ұшып келген.

Бішкекте жұма күні Еуразия экономика одағы жоғарғы кеңесінің отырысы басталды. Бішкекке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь басшысы Александр Лукашенко да келген.

Қырғызстан президенті әкімшілігінің хабарлауынша, ЕАЭО-ға мүше елдер экономика жағдайы мен интеграция мәселелерін талқыламақ.

XS
SM
MD
LG