Accessibility links

Ресейде 12 жастағы ұл баладан әскери есепке тұруды талап етіп, шақырту жіберген


Әскери комиссариат. Көрнекі сурет.

Ресейдің Красноярск өлкесі Канск қаласында әскери комиссариаттан 12 жастағы ұл балаға шақырту келген. Құжаттың көшірмесі "Вконтакте" желісіндегі "ЧП Канск" тобында жарияланды.

Шақыртуда баланың әскери комиссариатқа барып, алғашқы тіркеуден өтуі тиіс екені жазылған.

"Жағдай мынадай: 12 жастағы балаға Канск әскери комиссариатынан шақырту келген.... Егер қателеспесем, тіркеуге 16-17 жастан ала бастайды. Баланы неге әскери комиссариатқа шақырып, тіркеуге тұруды сұрап отыр? Әлде бірдеңе өзгерді ме?" деп жазды жазба авторы.

Жергілікті NGS24.ru сайтының жазуынша, шақырту қағазына А.Киселев есімді адам қол қойған. Бұл сол аймақтағы әскери комиссар Александр Киселевтің аты-жөнімен сәйкес келеді. Шақырту қағазында көрсетілген әскери комиссариаттың мекенжайы да мекеменің адресімен сәйкес келеді.

Ресейдің "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" заңына сәйкес, елде 17 жасқа толған ер балалар 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында әскери тіркеуге алынуы тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG