Accessibility links

Мәскеудегі миграция орталығы әскерге шақыратын жарнаманы қырғыз, өзбек, тәжік тілдерінде жазған


"Сахарово" миграция орталығындағы кезек, архив
"Сахарово" миграция орталығындағы кезек, архив

Ресей ішкі істер министрлігіне қарайтын "Сахарово" миграция орталығына баратын қоғамдық көліктерге Ресей әскеріне шақыратын жарнама жапсырылған, оны қырғыз, өзбек және тәжік тілдерінде жазған. Хабарландыруда әскерге барған еңбек мигранттарына Ресей азаматтығы жеңілдікпен берілетіні айтылған.

Мұнай хабарландырулар әлеуметтік желіде желтоқсанда пайда болған. Мәскеу қалалық көлік басқармасы жарнаманың екі айдан бері жапсырылып келе жатқанын растаған. Жарнама жасау жөніндегі тапсырысты миграция орталығы берген.

Биыл күзде Ресей мемлекеттік думасы Ресей әскерімен бір жылға келісімшарт жасаған шетел азаматтарына азаматтықты жеңілдетілген жолмен беру жөнінде заң қабылдаған. Бұл кезде Ресей Украинамен соғыста үлкен шығынға ұшырап, әскери құрамаларын толықтыруға адам жетпей, жастар мобилизациядан қашып жатқан болатын.

Өзбекстанның Мәскеудегі елшілігі тамыз айында Ресейде жұмыс істейтін Өзбекстан азаматтарын әскерге барудан тартынуға шақырып, шет мемлекет жерінде соғысқа қатысу - Өзбекстан заңы бойынша қылмыс саналатынын ескерткен. Қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан елшілігі де осыған ұқсас мәлімдеме жасаған. Бұл кезде Мәскеу мэрі Сергей Собянин "Сахарово" орталығында мигранттарды әскерге қабылдайтын орталық құрылатынын хабарлаған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG