Accessibility links

"Қазіргі Қалмақия" газетінің бас редакторына "Ресей әскеріне тіл тигізді" деген айып тағылған


Мариуполь. Украина
Мариуполь. Украина

Ресейдің тергеу комитеті "Современная Калмыкия" ("Қазіргі Қалмақия" - ред.) газетінің 72 жастағы бас редакторы Валерий Бадмаевтың үстінен қылмыстық іс қозғап, "Ресей әскеріне тіл тигізді" деген айып таққан. Ресей әскері Ураинада фосфор оқ-дәрі қолданғаны туралы ақпаратты репост жасағаны үшін Бадмаев үш жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кавказ.Реалии редакциясының хабарына қарағанда, 9 желтоқсанда полиция Бадмаевтың үйін тінтіп, ноутбук, телефон, роутер және шетел паспортын алып кеткен. Мұнан соң тергеуге шақырған. Элиста қаласының соты оған телефонмен сөйлесуге, интернет пайдалануға және тұрғылықты орнын ауыстыруға тыйым салған.

Мамыр айында Украина билігі "Ресей әскері Мариупольдегі "Азовсталь" зауытына шабуыл жасағанда ақ фосфорлы оқ-дәрі қолданды" деп мәлімдеген еді. Украина бас прокуратурасы тыйым салынған снарядтардың қолданылуына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Халықаралық заңнама тұрғын үй аймақтарына жақын маңда жанғыш фосфор оқ-дәрілерін қолдануға тыйым салған. Мәскеу мұндай оқ-дәрі қолданғанын теріске шығарып, "оны Киевтің өзі пайдаланды" деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG