Accessibility links

Мобилизацияланған пацифист қолына қару алуға болмайтынын сотта дәлелдеп, тылға кеткен


49698667
49698667

Владимир Путиннің мобилизация туралы жарлығынан кейін әскерге алынған Санкт-Петербург тұрғыны Кирилл Березин ішкі идеологиялық сенімі бойынша қолына қару ұстаудан бас тартып, онысын сотта дәлелдеген. "Ротонда" басылымының жазуына қарағанда, Березинді 12 желтоқсанда Ленинград облысының тылындағы, "қару ұстамайтын" әскери бөлімге жіберген. Әскери бөлім техника жөндеумен шұғылданады.

27 жастағы Кирилл Березин қыркүйектің соңында әскерге алынған. Ол әскери комиссариатта өзінің пацифизм (соғыстың кез-келген түрін қолдамайтын, оған қарсы шығатын идеологиялық ағым - ред.) өкілі екенін, қолына қару ұстамайтынын мәлімдеп, қару қолданбайтын бөлімге жіберуді сұраған. Оның өтінішін әскери комиссариат та, сот та орындамаған.

Березинді Белгород қаласының түбіндегі әскери дайындық лагеріне жіберген. Березин ол жерде күш қолданылғанын мәлімдеген. "Полковник Анатолий Смердов тісін қағып алып, естен тандырған күйі майданға жіберемін" деп қоқан-лоққы көрсеткенін хабарлаған.

25 қазанда мобилизацияланғандардың өзге жерге көшірілетіні хабарланған. Қайда апаратыны белгісіз болғандықтан, Березин Украинадағы ұрыс қимылдарына қосуы мүмкін деп ойлап, формасын тастап, паспорты мен әскери билетін алып, Петербургке таксимен кетіп қалған. Адвокаттың кеңесі бойынша тергеу комитетіне өзі барып, командирдің қоқан-лоққысынан кейін өміріне қауіп төнгендіктен кетуге мәжбүр болғанын баяндаған. Осыдан кейін сот оны Ленинград облысының тылындағы әскери бөлімге жіберген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG