Accessibility links

Тегеран Азаттық радиосының Иран қызметі - Фарда радиосына санкция салды


Хиджабын шешіп тұрған оқушы қыздар. Иран
Хиджабын шешіп тұрған оқушы қыздар. Иран

Иран үкіметі Азаттық радиосының Иран қызметі - Фарда радиосын халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылықты қолдайтын ұйымдар тізіміне қосты.

Фарда радиосы биыл күзде Иранның әдеп полициясы 22 жасар Махса Әминиді "хиджапты нормаға сай кимеді" деп тұтқындап, өлтіріп қойған соң басталған халықтың наразылығын үзбей жариялап келеді. Иран билігі наразылықты қатыгездікпен жаншып отыр. Құқық қорғаушылардың есебінше, қазірге дейін 500-ге жуық адам өліп, 18 мыңнан астам адам қамауға алынған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай: "Бұл тізімге қосу - шындықтың өңін айналдыру. Шын мәнінде, Иран режимі өз болашағы үшін қарсылық акциясына шыққан адамдарды күн сайын өлтіріп жатыр. Өлгендерді айыптап, олардың отбасыларына асқан қатыгездік көрсетіп отыр. Соған қарамастан аудитория шынайы ақпарат таратушы ретінде Фарда радиосына сенеді", – деп мәлімдеді.

Мемлекеттік цензураға қарамастан Фарда радиосының аудиториясы өсіп келеді. Қарсылық басталған 16 қыркүйектен 30 қарашаға дейінгі аралықта Фарда радиосының көрілімі мен оқылымы былтырғы жылдың дәл сол уақытымен салыстырғанда YouTube желісінде 408%, Instagram желісінде 619% көбейген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG