Accessibility links

Ресей Иранның соғыс дронын жасайтын зауытты Татарстанға салуы мүмкін — The Washington Post


Жоғары лауазымды әскери шенеунікке сілтеме жасаған The Washington Post Ресей Иранның әскери дронын шығаратын зауытты Татарстанға орналастыруы мүмкін деп жазады.

"Барлау мәліметтеріне сүйенген жоғары лауазымды әскери шенеуніктің сөзінше, Иран Ресейге дрон жобаларын беріп, техникалық бақылау жасауға келісім берген, ал зауыт Татарстанға салынуы мүмкін",- дейді мақалада.

Шенеуніктің аты-жөні аталмаған.

Иранның соғыс дрондарын Ресейде шығару жөнінде Мәскеу мен Тегеран келісім жасасқанын The Washington Post АҚШ барлау мәліметтерін білетін анонимді үш дереккөзге сүйеніп, бір ай бұрын жазған.

Басылым мәліметіне қарағанда, қараша аяғында Тегеранда түпкілікті келісім жасалған. Тегеранға Ресей қорғаныс өнеркәсібінің өкілдері барған.

NBC мәліметтерінше, Ресей қазір Иранға тікұшақтар мен әуе қорғанысы жүйесін жіберіп, дронмен айырбастап жатыр.

Соғыс дрондары Украинадағы ұрыс қимылдарында маңызды рөл атқарып келеді. Ресей кейінгі кезде Иранның "Шахид-136" дронымен Украинаның азаматтық нысандары мен инфрақұрылымын атқылаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG