Accessibility links

Петропавл әкімдігі мұздан мүсін жасауға 75 миллион теңге бөлген


Жылқы мүсіні. Петропавл, 2020 жыл
Жылқы мүсіні. Петропавл, 2020 жыл

Петропавл әкімдігі мұздан мүсін жасауға 75 миллион теңге бөлді деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қала әкімдігінің ақпаратына қарағанда, конкурс аяқталған, бір аптадан соң мердігерлер іске кіріседі. Мұз мүсіндер қаладағы бес орынға қойылады.

"Бұл сомаға бес сырғанақ, 44 мұз мүсін және мұздан жасалатын түрлі конструкциялар мен жарықтандыру жасалады",– дейді Петропавл қаласының тұрғын үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар транспорты мен автожолдар бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Телеарна қала тұрғындары әкімдіктің "мырзалығына" көңілі толмай отыреғанын айтады.

"Меніңше, ақша жұмсайтын басқа мәселе жеткілікті. Мысалы, жылу жүйесіне салсын. Балаларға керек екенін түсінемін, бірақ оны көп ақша жұмсамай-ақ жасауға болар еді ғой", – дейді қала тұрғы.

Бұған дейін Информбюро басылымы құбыр жарылып, Петропавл тұрғындары үш рет сусыз қалғанын хабарлаған. 1 желтоқсанда құбыр жарылып, көп қабатты 15 үй мен облыстық балалар ауруханасы сусыз қалған. 6 қарашада құбырдағы апаттан кейін 10 үйді судан ажыратқан. Су құбырлары 12 желтоқсанда да жарылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG