Accessibility links

Белгілі балетмейстер Болат Аюханов өмірден озды


Болат Аюханов
Болат Аюханов

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, профессор Болат Аюханов 85 жасында өмірден озды. Бұл жөнінде Қазақстанның мемлекеттік академиялық би театры хабарлады.

Болат Аюханов 1938 жылы 13 қыркүйекте бұрынғы Семей, қазіргі Абай облысында дүниеге келген. 1950 жылдардың соңында Абай атындағы Опера және балет театрына солист болып орналасқан. 1959-1964 жылдары Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтының хореография бөлімінде оқыған. 1964 жылы Алматыға оралып, хореография училищесін басқарды.

1967 жылы "Алматының жас балеті" хореографиялық миниатюра ансамблінің негізін қалады. 1998 жылы Аюханов ұжымы академиялық статус алды, 2003 жылы труппа мемлекеттік академиялық би театрына айналды. 1965 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта Қазақстан композиторларының музыкасына 30-дан астам театр қойылымын қойды.

Болат Аюхаов шетелге де танылды. 2010 жылы Оксфордта Болат Аюхановқа мәдениет және өнер саласындағы Сократ сыйлығы берілді. Ол мұндай жоғары кәсіби наградамен марапатталған Қазақстанның тұңғыш әртісі саналады.

2010 жылы Аюханов Азаттық редакциясының онлайн-конференциясына қонақ болып қатысқан еді.

Болат Аюхановпен қоштасу рәсімі 15 желтоқсанда сағат 10-да Абай атындағы Опера және балет театрында өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG