Accessibility links

Маңғыстау облысында ер адам үш баласын өлтіріп, өзіне де қол салғаны хабарланды


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 38 жастағы ер адам өзінің үш баласын өлтіріп, кейін өзіне де қол салған. Қазір бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалған. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"11 желтоқсан 19:45-те Мұнайлы ауданы полиция бөлімшесіне ауданда асылып көз жұмған төрт мәйіт табылғаны туралы хабар келіп түсті. Қоңырауға байланысты тергеу тобы оқиға орнына барғанда 38 жастағы ер адамның, 8 жастағы, 4 жастағы, 10 айлық баланың асылып тұрған мәйіттері табылды" дейді министрлік.

Ведомствоның алдын ала дерегінше, оқиғаға отбасылық кикілжің себеп болуы мүмкін.

"Тексеріс кезінде аудиожазба табылды. Онда күйеуі әйеліне өзін өлтіретінін және балаларын өзімен ала кететінін айтады. Ерлі-зайыптылар ажырасуды ойластырып жүрген" дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік тергеу мүддесіне байланысты басқа фактілерді жарияламайтынын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG