Accessibility links

Соғыс басталғалы бері Украинада 12 миллионға жуық адам үйлерін тастап кеткен


Львов теміржол вокзалында өзге аймақтан келген тұрғындар отқа жылынып отыр. Батыс Украина, 3 наурыз 2022 жыл.
Львов теміржол вокзалында өзге аймақтан келген тұрғындар отқа жылынып отыр. Батыс Украина, 3 наурыз 2022 жыл.

Ресей әскері Украина аумағына басып кіргелі бері шамамен 12 млн азамат үйлерін тастап кеткен. Украина жоғарғы радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец осылай деп мәлімдеді.

4,9 миллионы Украинаның қауіпсіздеу аймақтарына шоғырланған, ал 7 миллионы елден кеткен.

Лубинецтің айтуынша, Украинаның соғыс жүріп жатқан аудандарында және Ресей басып алған аумақтарда 13 млн азамат қалған.

  • Ресей Украинаға 2022 жылы 24 ақпанда басып кірген. БҰҰ мәліметінше, әскери қимылдардың салдарынан 6702 бейбіт азамат қаза болған, 424-і – бала. Ұйым өкілдері мәлімет әлі толығуы мүмкін екенін айтады.
  • Украина билігі ондаған мың Ресей әскери қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғаған, Киев оларды бейбіт азаматтарға қарсы қылмыс жасады деп айыптайды. Ресей бейбіт азаматтардың өліміне қатысы барын мойындамайды.
XS
SM
MD
LG