Accessibility links

"Украин армиясына қосылып, орыстарға қарсы соғысқысы келген" Ресей азаматы түрмеге жіберілді


Лимандағы украин армиясы.
Лимандағы украин армиясы.

Ресейдің Брянск қаласының соты "украин әскеріне қосылып, Ресейге қарсы соғысқысы келді" деп айыпталған 24 жастағы Артем Боголюбовты алты жылға түрмеге кесті. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Бұл жөнінде Брянск облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда Боголюбов Беларусьте ұсталған. ФСБ болжамынша, ол Беларусь арқылы Украинаға өтпек болған. Кейін Ресейге депортацияланған.

ФСБ пікірінше, Артем Боголюбов Ресейдің "ішкі және сыртқы саясатына" қарсы болған. Өтелмеген несиесі бар жігіт соғысқа қатысып, ақша таппақ болған.

Осыған дейін Красноярск соты "Украина жағында соғыспақ болған" Сергей Улукшоновты да төрт жыл сегіз айға бас бостандығын айырған. Удмуртия соты Украина жағында соғыспақ болған 29 жастағы Воткинск тұрғынын да бес жылға түрмеге кескен. Ол шекарадан өтпек болған кезде ұсталған.

XS
SM
MD
LG