Accessibility links

Мирзияевтің билікте қалуына мүмкіндік беретін конституциялық өзгерістер бойынша референдум көктемде өтуі мүмкін


Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев.
Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев.

Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер мен түзетулер бойынша жалпыхалықтық референдум 2023 жылдың көктемінде өтуі мүмкін.

Озодлик дереккөздерінің хабарлауынша, қазір өзбек үкіметі бұл шараға батыстың беделді адамдарын шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр.

Егер жаңа Конституция қабылданатын болса, қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің осыған дейін сайлауға түскен кезеңдері жойылады. Оның қайта президент сайлауына түсуіне мүмкіндік туады.

Парламенттегі дереккөздің мәліметінше, референдум Наурыз мерекесінен кейін өтуі мүмкін. Бұл шараға Еуроодақтан, Ұлыбритания және АҚШ-тан байқаушылар келуі мүмкін.

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы әзірге референдум өткізетін күнді белгілеген жоқ.

Сарапшылар 20 желтоқсанда Шавкат Мирзияев парламентке келіп, референдум мерзімін белгілейді деген болжамын айтқан болатын. Бірақ олай болмады.

Жаңа Конституцияның жобасы биыл жазда қоғамдық талқыға шығарылған болатын. Оның ішінде Қарақалпақстанның автоном республика мәртебесін алып тастау жөнінде арнайы бап болған.

Бірақ бұл өзгерістерге қарсы болған қарақалпақстандықтар жаппай наразылыққа шықты. Нүкіс оқиғасы кезінде, күш құрылымдары тарпынан қару қолданылып, ондаған адам қаза тапты. Халық наразылығынан соң, аталған бап алынып тасталды.

2016 жылы билікке келген Шавкат Мирзияев жаңа Конституция жобасы қабылданса, 2040 жылға дейін билікте қалуына мүмкіндік алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG