Accessibility links

Мәжілістің бұрынғы депутаты, ғалым Амангелді Айталы дүниеден озды


Амангелді Айталы.
Амангелді Айталы.

Ғалым, профессор, мәжілістің бұрынғы депутаты Амангелді Айталы 83 жасында дүниеден озды.

21 желтоқсанда Қазақстан жұртшылығы әлеуметтік желіде марқұмның туыстарына көңіл айтып, қоғамға сіңірген еңбегін еске алып жатты. Жұрт әсіресе оның 1997-2007 жылдары мәжілісте депутат болып тұрған кезде қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге көзқарасын ашық жеткізгенін атап өтті.

"Қазақтың Амангелді Айталысы қазақ парламентінің маңғаз серкесі болып, біздің жүрегімізде қалды. Бүгінгі жұтаған мәжілісті көргенде, Амангелді аға бейнесі Алатау болып асқақтай беретіні анық..." деп жазды белсенді Ауыт Мұқибек Facebook желісінде.

Амангелді Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Ресейдің Астрахан облысында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын ауыл мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, Ақтөбе мемлекеттік педагогика иниститутында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, проректор болып еңбек еткен. 1999-2007 жылдар аралығында парламент мәжілісінің депутаты болды.

Кейінгі жылдары Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде дәріс оқыған.

Ақорданың хабарлауынша, сәрсенбі күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Амангелді Айталының жақындары мен туыстарына көңіл айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG