Accessibility links

Мариупольді қалпына келтіруге қырғыз азаматтарын да тартып жатыр


Соғыстан қираған Мариуполь қаласы.
Соғыстан қираған Мариуполь қаласы.

Мигранттар өзара араласатын Telegram-каналдарында тұрақты түрде жұмысқа вакансия жарияланып тұрады. Соңғы кезде Ресей басып алған Украинаның Мариуполь қаласына жұмысқа шақыру жөнінде жарнама көбейді. Онда айына 100 мың рубль айлық ұсынып жатыр.

Азаттықтың Қырғыз қызметі жарнамадағы телефон нөмерлеріне хабарласқанда, Бішкекте Мариупольға адамдар жіберетін арнайы топ барын анықтады. Олар Мариупольға барып жұмыс істегісі келетіндерді Қазақстан арқылы шығарып алады екен.

Алайда Қырғызстанның ІІМ бұл мәліметті терістеп, тексеру жүріп жатқанын жеткізді.

Дереккөздер мәліметінше, қазір Мариупольда ондаған қырғыз азаматы жұмыс істеп жатыр. "Менің бір танысым сонда жұмыс істейді. Күніне 5000 рубль, айына 100 мың рубль төлеп жатыр. Бәрі құрылыста, қирап қалған ғимараттарды қалпына келтіріп жатыр", - деді қырғызстандықтың бірі.

Мариуполь қазір көктемнен бері Ресей әскерінің бақылауында. Осы уақыттан бері 25 мың адам қайтыс болды, олардың 7 мыңы бейбіт тұрғын. Кремль қазір онда қалпына келтіру жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеп, Орталық Азиядан шыққан мигранттарды жұмысқа тартып жатқанын жеткізген.

Осының алдында қазақстандықтар, өзбекстандықтар мен тәжікстандықтарды да Мариупольға жұмысқа тартып жатқаныны хабарланған болатын.

Видео: Қазақтар Украинаның орыстар басып алған қаласына жұмысқа тартылып жатыр (14 желтоқсан 2022 жыл).

Қазақтар Украинаның орыстар басып алған қаласына жұмысқа тартылып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:28 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG