Accessibility links

Құлыбаевтар сауда орталығын салғысы келген жерге әкімдік мектеп салмақ


Әкімдік экс-президенттің туысына тиесілі компания сауда орталығын салмақ болған Алматының қымбат ауданындағы жер телімдерінің біріне мектеп салуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде қала әкімдігі хабарлады.

Азаттық 2021 жылы тамызда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен күйеуі Тимар Құлыбаевтың бизнес серіктестерімен бірге қала орталығында Fresh Market сауда орталығын салайын деп отырғанын хабарлаған. Сауда орталығы Бостандық ауданындағы Розыбакиев пен Қожабеков көшелері қиылысындағы алты гектар жерден бой көтереді деп айтылған.

Азаттық тілшісі 22 желтоқсанда аймақтық коммуникация қызметінің брифингісі кезінде Алматы әкімдігі өкілінен осы жер телімі жөнінде сұраған.

—Иә, бұл Розыбакиев бойында "Мега" сауда орталығына қарама-қарсы тұрған 6,6 гектар аумақ жер. Құқық меншігі "Достар Констракшн" (жер қатынастары басқармасының жауабында компания атауы "Достар коммерц" деп көрсетілген) компаниясында, ол "Қазком" банкінің аукционы кезінде алынған. Қазіргі кезде "Қолайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында осы аумақтың 3,6 гектарына қолайлы мектеп салу туралы ұсыныс жасадық. Жаңа жылдан бастап процедураны бастаймыз, - деді Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы жетекшісінің орынбасары Нұрлан Құлболдинов.

Оның айтуынша, бұл жер телімін кезінде "Қазкоммерцбанк" банкке қоятын кепілдік ретінде пайдаланған. Жеке компания оны банктен сатып алған.

Жер кадастрындағы мәліметке сүйенсек, жер телімі жеке меншікке тиесілі. Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 2018 жылы оны Құлыбаевтарға тиесілі "Достар Коммерц" компаниясы сатып алған.

Қарай отырыңыз: Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы Алматыда тағы бір базар салмақ (Тамыз, 2021 жыл).

Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы Алматыда тағы бір базар салмақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

54 жастағы Динара мен 55 жастағы Тимур Құлыбаев – елдегі ең ірі коммерциялық қаржы ұйымы – Халық банкіне иелік ететін «Алмэкс» компаниясының түпкі бенефициарлары. Олар сондай-ақ Қазақстанның бірнеше қаласындағы сауда және ойын-сауық орталықтарына иелік ететін компанияларды басқарады. Forbes журналы Құлыбаевтар отбасының капиталын 7,6 миллиард доллар деп бағалайды.

Қаңтар қантөгісінен кейін Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі қызметінен кеткен. Экс-президенттің өзге туыстары да жоғары лауазымды қызметтерінен айырылған. Сарапшылар Назарбаев пен Тоқаев айналасындағы адамдардың билікке таласы туралы айтқан.

Құлыбаевқа ресми түрде қандай да бір айыптар тағылған жоқ. Жыл басынан бері ол Тоқаевтың қазақстандық бизнес өкілдерімен бірнеше кездесуіне қатысқан.

XS
SM
MD
LG